
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Орал қаласында бірқатар шара өтті
Бүгін Орал қаласының тұрғындары Ұлы Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне жиналды. Қала тұрғындары мен ресми өкілдер «Бауырластар зираты», «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткіші, маршал Г.К.Жуков, Т.Масин ескерткіштері мен «Ол күндердің даңқы өшпейді» мемориалында бас иіп, гүл шоқтарын қойды.
Жеңіс алаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, қала тұрғындары жиналды. «Мәңгілік алау» жанында құрметті қарауыл сап түзеп, әскери оркестр патриоттық әуендер орындады.
Салтанатты шара үнсіздік минутымен жалғасты. Одан соң облыс әкімі Нариман Төреғалиев, соғыс ардагері Константин Леонтьевич Кочережкин, «Ауыл» партиясының төрағасы С.Егізбаев және басқа да құрметті меймандар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Оларды құқық қорғау органдары, депутаттар, этномәдени бірлестіктер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері жалғастырды.
Бұл — ардагерлердің ерлігіне көрсетілген шексіз құрметтің жарқын көрінісі. Жеңіс күні – өткенге тағзым, болашаққа аманат.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/992498?lang=kk
Жауап қалдыру