
Аға лейтенант Махмұтов Сейтқазы Махмұтұлы 1905 ж. – 1992 ж.
557-ші Мазур полкінің артдевизионының парторгы. Беларуссия майданы.
Батаев Нуредин Құсайынұлы
(1922 ж. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Приградный ауылында туған.) Әскер қатарына Сарыкөл аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылған.
Қызмет еткен жылдары: 1944–1947 жж.
1-Белорус майданында, танк бөлімінде әскери қызмет атқарған, танкист.
Білімі — бастауыш.
Демобилизациядан кейін облыстағы кәсіпорындарда жүргізуші болып жұмыс істеген.
Қызыл Жұлдыз орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Тоқышев Сәрсенбай қызыл әскер.
Шақырылған жері: Қостанай облысы, Таран ауданы.
Шығыс Еуропа аумағында партизандық отрядпен шабуыл кезінде қолынан жараланған.
Соғыстан кейін туған еліне оралып, туған колхозында тағы шамамен 30 жыл еңбек етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/992493?lang=kk
Жауап қалдыру