
2025 жылдың І тоқсанындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сүйенсек аймақта сауда айналымы 200,8 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде бөлшек сауда 31,6 пайызға, көтерме сауда 2,8 пайызға артқан.
Ағымдағы уақыт ішінде өңірдің экономикалық өсімі 14,5 пайызды құрады. Бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй, сауда, көлік, байланыс салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілген. 38,1 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімі нарыққа шығарылып, қазіргі уақытта дақылдардың 94,4 пайызы егіліпті.
Мал шаруашылығының өнімі 38 млрд теңгені құрады.
Негізгі капиталға 120,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға артық.
38,1 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды.
147,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 2 515 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/993066?lang=kk
Жауап қалдыру