Солтүстікқазақстандықтар Мәңгілік алау мен Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәл 80 жыл бұрын бүкіл әлем адамзат тарихындағы ең қасіретті әрі қанқұйлы соғыстағы Жеңісті атап өтті. Жылдар өтсе де, сол бір ауыр кезеңдердің естелігі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерлері, қоғам өкілдері және солтүстікқазақстандықтармен бірге Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау мен Жеңіс саябағындағы Стелаға гүл шоқтарын қойып, батырларымыздың ерлігіне тағзым етті.

Жеңіс күні – халқымыздың қайсарлығы мен ерлігінің мәңгілік символы. Біз бейбіт өмір мен еркіндік сыйлаған аға буын алдында бас иеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз құрмет пен алғысымызды білдіреміз.

“Соғыстың ауыр жылдары еліміздегі әрбір отбасының тағдырына әсер етті. Біз азаттық пен бейбіт өмір үшін жанын қиған, мәңгі жас болып қалған жауынгерлердің рухына тағзым етеміз. Олардың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады. Әрбіріміздің міндетіміз – осы Жеңістің маңызын ұмытпай, оның сабақтарын болашақ ұрпаққа жеткізу. Жеңіс күнімен!”, – деп жазды өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/993007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді