Ескелді ауылдық округінде Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️⚜️⚜️Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңісімізге 80 жыл!

Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстың аяқталып, бейбітшіліктің бастау алғанына – 80 жыл. Ұлы Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен төзімділігінің символы. Осы орайда, Ескелді ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылында орналасқан «Обелиск славы» ескерткішінің маңында Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг пен мерекелік іс-шара өтті.
Митинг пен мерекелік шара округ әкімі Балшенов Талғат Жақанұлының құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде әкім Жеңіс күнінің – ел тарихындағы маңызы зор, рухты көтеретін, ерлік пен патриотизмді насихаттайтын қасиетті мереке екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол жиналған жұртшылыққа зор денсаулық, отбасыларына амандық, береке-бірлік тілеп, бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды.
Шара барысында округіміздегі 167 ардагердің есімі жазылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылып, олардың рухына тағзым етілді.
Мерекелік шараға 500-ге жуық ауыл тұрғыны мен қонақтар қатысты. Қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұсынылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін арнайы тегін дастархан жайылып, балмұздақтар таратылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында мерекелік сауда ұйымдастырылды.
Аталған шара – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен тарихи жадыны қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Мұндай іс-шаралар өскелең буынның елге, жерге деген құрметін арттыра түсетіні сөзсіз.

🇰🇿🇰🇿🇰🇿Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/993002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді