
05.05
Алматы облысы
Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды. Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналды.
05.05
Астана
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында министрлік әзірлеген жаңа Су кодексіндегі басты жаңалықтар туралы айтып берді. Құжатқа 9 сәуір күні Мемлекет басшысы қол қойғанын еске сала кетейік. Жаңа Су кодексі бес негізгі қағидатқа сүйене отырып әзірленді.
06.05
Астана
«Қазсушар» филиалдары 300-ден астам жаңа техника алды. Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
07.05
Қарағанды облысы
Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды. Атап айтқанда, Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары лық толды.
08.05
Астана
Су ресурстары қатаң бақылауда. Бүгінде көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді. Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді.
09.05
Астана
2025 жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық нысанды көпфакторлы тексерістен өткізеді. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/992947?lang=kk
Жауап қалдыру