Қазақ дипломаттары Прагада өткен футбол турнирінің жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Прага, 2025 жылғы 10 мамыр — Қазақстанның Прагадағы Елшілігінің командасы Чех Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған дипломатиялық футбол турниріне қатысты.

Ойындар 5+1 форматы бойынша өтті, жарысқа барлығы сегіз команда қатысты. Қазақстан Елшілігінің командасы АҚШ, Қытай және Франция Елшіліктерінің командаларымен бір топқа түсті. Біздің команда барлық қарсыластарын жеңіп, 9 ұпаймен сенімді түрде келесі кезеңге өтті.

Жартылай финалда қазақстандық дипломаттар Сауд Арабиясы, Қатар және Кувейт Елшіліктерінің біріккен командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жапония Елшілігінің командасына қарсы өткен финал үлкен сынақ болды. Қиын әрі тартысты, екі қосымша таймға жалғасқан ойында жапон командасы 2:0 есебімен басым түсіп, Қазақстан командасы құрметті екінші орынды иеленді. Үшінші орынды Сауд Арабиясы, Қатар және Кувейт Елшіліктерінің біріккен командасы еншіледі.

Турнир барысында біздің ойыншыларды олардың отбасы мүшелері мен жақындары қолдап, тек алаңда ғана емес, жалпы команда рухын нығайтатын ерекше атмосфера қалыптастырды.

Турнирді Чехия Сыртқы істер министрінің орынбасары Ян Мариан мен Прага 3 ауданы әкімінің орынбасары Павел Добеш ашты. Іс-шара ынтымақтастық рухында өтіп, бейресми байланыстарды нығайтуға жақсы мүмкіндік берді.

Турнирді жоғары деңгейде өткізгені үшін ұйымдастырушыларға, ал әділ ойын мен шынайы спорттық рух танытқандары үшін барлық командаларға алғысымызды білдіреміз. Мұндай кездесулер дипломатияны жақындастырып, өзара түсіністік пен сенім орнатуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/992931?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді