
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл адамзат тарихына өшпес сыз қалдырған Ұлы Отан соғысы дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 80 жыл толды. Бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері мен әр шаңыраққа әкелген қайғы-қасіреті жадымыздан өшкен жоқ. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс қасірет пен қайғыны еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы!
Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерді еске аламыз. Бүгінгі бейбіт күн үшін күресіп, бізге ашық аспан сыйлаған аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктерін мәңгі есте сақтап, тағзым етіп, бас иеміз!
Қадірлі қорғалжындықтар!
Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ерен үлгісі болған Ұлы Жеңіс күні тағы да құтты болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға ырыс-береке, молшылық пен бақыт тілеймін! Аспанымыз ашық, бейбітшілік заман мәңгі болсын! Еліміздің даңқы асып, абыройы асқақтай берсін!
Қорғалжын аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Рыспаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/992720?lang=kk
Жауап қалдыру