
Сазтерек ауылдық округінде 9-мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік іс- шара өткізілді.
Іс – шара барысында ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке соғыста қаза тапқан ерлерді еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Жеңіс күні – мәңгі жадымызда! Бұл — бейбіт күн сыйлаған батырларға деген құрмет пен тағзым.
Оқушылар ардагерлерді еске алып, патриоттық әндер шырқап, жүрек жарды өлеңдер оқыды.
Ұлы Отан соғысы ерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-sazterek/press/news/details/993108?lang=kk
Жауап қалдыру