
Отан қорғаушылар күніне орай, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, Аққайың ауданында алғаш рет ер азаматтар арасында «Шебер ер – ел тірегі» атты қолөнершілер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға түрлі округтерден келген шеберлер қатысып, өздерінің өнері мен шеберліктерін паш етті.
Жеңімпаздар қатарында:



Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталғандар:
Добренко Иван Викторович (Власовка ауылдық округі) — ағаш бұйымдарын ұсынды.
Ельцов Иван Максимович (Киялы ауылдық округі) — автотехника үлгісін көрсетті.
Семенюк Владимир Михайлович (Полтавка ауылдық округі) — ағаш оюмен жұмыс істеді.
Крохин Сергей Сергеевич (Смирново ауылдық округі) — пенопласт панорамасын көрсетті.
Домашников Сергей Владимирович (Смирново ауылдық округі) — картон мен ағаштан жасалған бұйымдарын ұсынды.
Франковский Фёдор Леонидович (Черкасское ауылдық округі) — мүсін және фигуралы ою жұмыстарымен ерекшеленді.
Бұл байқау шеберлер еңбегінің маңыздылығын көрсетті. Осындай іс-шаралар дәстүрді сақтап, еңбектің қадірін арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/993168?lang=kk
Жауап қалдыру