7 мамыр-Отан қорғаушылар күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті ақтөбеліктер, Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Бұл күн — Отан үшін қалтқысыз қызмет ететін рухы мықты, ержүрек азаматтардың мерекесі. Қасиетті атамекенімізді қорғауды кәсібіне айналдырған біздің жауынгерлеріміз бен офицерлеріміз — патриотизмі мен ерлігі, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігі үшін құрмет пен даңққа лайық!

Осы бір ерекше күні барлық Отан қорғаушыларға мықты денсаулық, қажымас қайрат, алғы күнге сенім мен табыстар тілеймін!

Батыл да ержүрек жандардың бұл мерекесі ылғи да бейбіт күн мен қуаныштар алып келсін!

Игі тілекпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/993311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді