
🎗️Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ақтөбеліктер батырлардың ескерткіштеріне барып, тағзым етті. Аталған шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
✔️ Өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» Даңқ обелискісі мемориалдық кешеніне барып, екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етті.
🔸 Шараға қатысушылар майдан даласынан оралмаған талай ақтөбелік батырды үнсіздікпен бір минут еске алып, гүл шоқтарын қойды.
🔹 Содан соң жиналғандар Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұловаға арналған ескерткішке барып, гүл шоқтарын қойды. Қолына қару алып, жауға қарсы күрескен өр рухты Әлияның биыл туғанына – 100 жыл. Батыр есімі облыс қана емес, республикалық деңгейде ұлықталуда.
✅ Асхат Шахаров батырлар алаңын да аралады. Мұнда Ақтөбеден аттанған майдангерлердің ескерткіштері бар. Әкім олардың ұрпақтарымен жүздесіп, мерекемен құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/993346?lang=kk
Жауап қалдыру