
2025 жылғы 4-12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен 25-ші Азия физика олимпиадасында (APhO-2025) Астана қаласының жас физиктері ерекше нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасының барлық сегіз мүшесі жүлделі орынға ие болып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының атынан қатысқан оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетті:
Күміс медаль иегерлері:
- Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
- Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі;
- Әмір Пішенбаев – Spectrum International School;
- Артур Ким – Spectrum International School.
Қола медаль иегерлері:
- Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі;
- Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі.
Сонымен қатар, NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиаданың «Best Female» арнайы сыйлығына ие болып, ең үздік қатысушы атанды.
Жас дарындарды жарысқа дайындаған команда жетекшілері – Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/993344?lang=kk
Жауап қалдыру