Тыл ардагерлері – құрметке лайық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күні қарсаңында мәслихат депутаттары облыс орталығында тұратын тыл еңбеккерлеріне барып, құттықтады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа әрбір бесінші қазақстандық қатысты. Ерлік пен батырлық танытқан олардың 520-сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, 110 мыңнан астамы «Даңқ» орденімен марапатталды. Ал тылда қалған отандастарымыз Жеңіске жету жолында аянбай еңбек етіп, майданды азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Бүгінде Абай облысында 1700-ге жуық тыл еңбеккері тұрады.

Мәслихат Депутаттары өңір орталығындағы бірқатар ардагерлерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдіріп, ҚР Президенті атынан Жеңістің 80 жылдығы мерекелік медалін табыстады. Мұндай кездесулердің әрқайсысы ерекше құнды, өйткені Отанға жанқиярлықпен қызмет еткендердің қатары сиреп келеді.

Еселі еңбекпен есейген жандар жыл он екі ай қамқорлыққа лайық. Өйткені олардың еңбегі – елге үлгі, ұрпаққа өнеге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/993366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді