
Сексенбаев Ерханай 1899 жылы Шеңгел болысы, Ырғыз губерниясы, Торғай уезінде туған.
1918 – 1920 жылдар аралығында жеке шаруа, 1920 – 1928 жылға дейін Темір ауданында Күмісбаев Сүйіндік дегеннің өгізін баққан. 1928 – 1931 жылдар аралығында жеке шаруа, 1931 – 1942 жылдар аралығында Шилібасат колхозында колхозшы, 1942 – 1944 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан, барлауда болған. 1944 – 1946 жылдар аралығында Шилібасат колхозында бригадир, 1946 – 1947 жылдар аралығында Шилібасат колхозының төрағасы, 1947 -1950 жылдар аралығында Колхозда колхозшы, 1950 жылдан зейнеткерлік жасқа дейін жылқы фермасында меңгеруші болып қызмет атқарған.
Көпшілік жұмысқа белсене қатысқан, колхозшылар арасында беделі бар, өз ісіне шын берілген адам болған.
Еңбек еткен жылдары: «1941 – 1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Германияны жеңгені үшін», «1941 – 1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медалдарымен марапатталған.
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві АОМА 15 – п қор, 1 тізбе, 158 іс. 2 тізбе, 2060 іс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/993420?lang=kk
Жауап қалдыру