
Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері Тараз қаласында профилактикалық рейд өткізді. Рейд аясында жеке тұрғын үй секторларында, “Ұлы дала” шағын ауданында, Талас өзенінің жағалауында және Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы маңында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құтқарушылар демалушыларға өрт қауіпсіздігі және судағы жүріс-тұрыс ережелерін еске салып, өрттің жоғары қауіптілігі туралы ескертті.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/993506?lang=kk
Жауап қалдыру