Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлермен жолаушылар пойыздарына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» нарративін іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 27 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлермен жолаушылар пойыздарына, атап айтқанда, Қостанай-Алматы бағытындағы № 043/044 пойызына (тасымалдаушы ТОО «Түрксіб Астана») мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында вагондардың санитарлық жағдайы, қозғалыс кестесінің сақталуы, билетсіз жолаушылардың болуы, отырғызуды ұйымдастыру және жеке құрамның азаматтармен қарым-қатынасы тексерілді.

Вагондардың санитарлық жағдайы қанағаттанарлы. Тазалау уақытылы жүргізіледі, тазалық тиісті деңгейде сақталған, санитарлық жабдықтар дұрыс жұмыс істе. Маршрут бойынша кешігулер болған жоқ, қозғалыс белгіленген кесте бойынша жүргізілді.

Билеттер толығымен тексеріліп, билетсіз жолаушылар анықталмаған. Отырғызу дұрыс ұйымдастырылды. Қызмет көрсетуші персоналдың жұмысында бұзушылықтар анықталмаған, персонал өз қызметтерін жолаушыларға сыпайы және дұрыс көрсеткен, азаматтардан шағымдар түскен жоқ.

Мониторинг нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар мен ескертулер анықталған жоқ.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/993332?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді