
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш. Бейсекова көшесінен К. Байсейітова көшесіне дейінгі учаскеде Фах бен Абдул Азиз мен С. Қожаметов көшелеріне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 12-15 мамыр аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/993330?lang=kk
Жауап қалдыру