
Ағымдағы жылдың 12 мамырында аудандық мәслихаттың төрағасы Н.С. Болатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Ұзынкөл ауданының әкімі М.К. Жұрқабаев, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Р.С.Байгабулов, Қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияда барлығы 5 мәселе қаралды. Онлайн – трансляция өтті.
2024 жылғы аудан, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша Ұзынкөл ауданның әкімі М.К. Жұрқабаев, Е.А. Андрейчук, А.Т. Тулепергенева Бауман ауылының және Федоров ауылдық округінің әкімдері сөз сөйледі. Баяндамашылар өз сөзінде 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы және есепті кезеңге арналған бюджет қаражатының бос қалдығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сессия қатысушыларына аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері туралы ақпараты бар слайдтар ұсынылды. Көптеген сұрақтарға тиісті түсініктемелер алынды.
Ұзынкөл ауданы бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Р.С. Байгабулов хабардар етті, ол соңында бюджет қаражатын сапалы және уақтылы игеру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.
Осы мәселе бойынша ауданның бюджетін және экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Э.Б. Алмаганбетова, Қоғамдық кеңестің төрайымы Г.А. Редман қорытынды жасап, есеп тұрақты комиссия мен ауданның қоғамдық кеңесінің отырыстарында өткен жылмен салыстырғанда егжей-тегжейлі қаралып, талданғанын атап өтті. Оны неғұрлым тиімді орындау бойынша ұсыныстар берілді.
Отырыс барысында Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы, Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды және аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі белгіленді.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/993670?lang=kk
Жауап қалдыру