Газды тұрмыста қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Газды тұрмыста қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау – өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі. Алматы облысының ТЖД тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану бойынша келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

Газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі негізгі ережелер
– Газ құрылғыларының, түтін және желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз. Газ құрылғыларын қосар алдында және жұмыс барысында тартылыс күшін тексеріңіз. Түтін мұржасының «қалтасын» үнемі тазалаңыз.
– Қыс мезгілінде мұржалардың ұштарын мұздану мен бітеліп қалудан сақтау үшін үнемі тексеріп отырыңыз.
– Газ плитасын немесе басқа құрылғыларды қосқанда, алдымен сіріңке жағып, содан кейін ғана газды ашыңыз.
– Газ плитасы жұмыс істеп тұрған кезде терезені ашық ұстаңыз. Желдетудің жеткіліксіздігі көміртек тотығының жиналуына әкелуі мүмкін.
– Газ жалынының түсі көк немесе күлгін болуы керек. Сары немесе қызғылт сары реңктердің пайда болуы жанудың толық еместігін көрсетеді.
– Газ құрылғыларын пайдалануды аяқтағаннан кейін, барлық крандарды жауып, баллонның вентилін немесе редуктордың тетігін жабыңыз.

Салқыннан жылы жерге баллонды кіргізуге немесе оны жылу көздерінің жанына қоюға болмайды – бұл газдың кенеттен кеңеюіне және жарылысқа әкелуі мүмкін.
– Жаңа баллонды орнатпас бұрын, ескі және жаңа баллондардың крандарының жабық екеніне көз жеткізіңіз. Орнатқаннан кейін, қосылыстардың герметикалығын сабынды ерітіндімен тексеріңіз.
– Газ плитасын баллонмен қосу үшін арнайы, ұзындығы 1 метрден аспайтын, қауіпсіздік қысқыштарымен бекітілген, арнайы таңбасы бар резеңке шлангты пайдаланыңыз. Шлангтың тартылуына немесе қысылуына жол бермеңіз.
– Газ баллондарын тексерілген және сертификатталған жеткізушілерден сатып алыңыз. Көшедегі сатушылардан немесе белгісіз көздерден баллон сатып алуға болмайды.
🚨 Газ иісін байқаған жағдайда
– Газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
– Құрылғылардың алдындағы және өзіндегі крандарды, сондай-ақ баллонның вентилін жабыңыз.
– Терезелер мен есіктерді ашып, бөлмені желдетіңіз.
– Ашық отты пайдаланбаңыз, темекі шекпеңіз, электр құрылғыларын қоспаңыз және сөндірмеңіз.
– Газбен жабдықтаушы ұйымның апаттық қызметіне 104 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

❌ Тұрмыста газды пайдалану кезінде тыйым салынады
– Газ құрылғыларын өз бетімен орнату, жөндеу немесе ауыстыру.
– Газ құрылғыларын қараусыз қалдыру.
– Газ плиталарын бөлмені жылыту үшін пайдалану.
– Газ құрылғыларын балаларға немесе оларды қауіпсіз пайдалану ережелерін білмейтін адамдарға сеніп тапсыру.
– Газ құрылғылары орнатылған бөлмелерде ұйықтау немесе демалу.
– Газ құрылғыларының үстінде киім немесе басқа жанғыш заттарды кептіру.
– Газ құрылғыларының жанында жанғыш материалдар мен сұйықтықтарды сақтау.
Газды дұрыс пайдаланбау өртке, улануға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыз.
Төтенше жағдайда – телефон арқылы қоңырау шалыңыз”101″, “102”, “103”, “104”, “112”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-karaoi/press/news/details/993665?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді