
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған айтулы мереке қарсаңында Новодолинский кентінің әкімі Е. Исатаев, ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.М.Куцай, кенттегі ұйымдар мен мекемелер өкілдері тыл еңбеккерлері мен концлагерь тұтқындарын арнайы барып, келе жатқан мерекемен құттықтады. Соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбектері үшін терең алғыс білдіріп, медальдар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Кент әкімінің аппараты акцияға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді. Мұндай кездесулер – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың маңызды құралы. Бүгінгі күні тарихи жадымызды сақтау өте маңызды, себебі соғысқа қатысқан әрбір жауынгер мен тыл еңбеккерінің Жеңіске қосқан үлесі баға жетпес және ұмытылуға тиіс емес.
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/993707?lang=kk
Жауап қалдыру