
Ұлы Жеңіс күні… Бұл – батырлық пен ерліктің, отансүйгіштік пен бірліктің шежіресі. 1945 жылы мамырда жеткен Жеңіс — тек қарудың күшімен емес, жүректегі сеніммен, қайыспас рухпен келген ұлы күн.
Атырауда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Алдымен, Облыс әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы бастап Отан үшін от кешкен боздақтардың рухына тағзым етіп,мәңгілік алау алдына гүл шоқтарын қойды.
Кейін ардагерлер, Ұлттық Қауіпсіздік, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер, жастар мен қала тұрғындары да қатысып, гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.
Жанын пида еткен боздақтарымыздың есімі — мәңгілік жадымызда. Әрбір жауынгердің тағдыры – тарихтың алтын әріптермен жазылған парағы. Олар ұрпақ болашағы үшін от пен оқтың ортасында жүріп, ерлік пен елдіктің биік үлгісін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/992594?lang=kk
Жауап қалдыру