
Шарада Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіліп, олардың ерліктері еске алынды.
Іс-шараға аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, қала тұрғындары, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты.
Жиналған жұртшылық гүл шоқтарын қойып, мәңгілік алау алдында өткенді еске алды. Шара патриоттық рухта өтіп, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен тарихи жадыны дәріптеудің маңызын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/993899?lang=kk
Жауап қалдыру