Атырау қаласының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқықтық көмек Атырау облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты «Азаматтық орталық» КММ-нің ұйымдастыруымен өтті. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында өткен шарада азаматтарға облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, заңгер Салтанат Рахимова жауап берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заңнамалық сұрақтар бойынша кәсіби, нақты кеңес беру.

Ашық форматта өткен шара барысында тұрғындар өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын қойып, нақты жауап ала алды. Атап айтсақ, азаматтар кездесуде денсаулық, еңбек, микроқаржылық ұйымдар және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты мәселелерін қозғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/993890?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді