
Ағымдағы жылдың 5-7 мамыр күндері Алматы облысы Дін істері басқармасының қолдауымен “Адам және қоғам” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» және «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» теолог қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – теолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, діни тұрақтылықты нығайту және деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін күшейту.
Оқыту барысында қатысушылар оңалту, діни экстремистік идеологияның алдын алу, талдамалық және сыни ойлау, шешендік қабілеттер, әлеуметтік желілерде тиімді жұмыс істеу бағыттары бойынша тәжірибелі, жоғары білікті дәріскерлерден білім алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-din/press/news/details/993971?lang=kk
Жауап қалдыру