ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК МЕЙІРГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 – мамыр Халықаралық мейіргерлер күні. Атаулы күнге орай Шымкент қаласындағы медицина ұйымдары арасында мейіргерлер арасында конкурс өтті. Сайыс бойынша «Өз кәсібінің үздігі» қалалық байқауы бойынша «Үздік фельдшер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік акушер», «Үздік МСАК мейіргері» номинацияларына өтінім қалдырған. Жалпы сайысқа медициналық ұйымдардан 25 өтініш түскен. 2 кезеңнен тұратын бұл байқаудың қорытындысына сәйкес 15 сайыскер кіл мықтылар тізіміне енген. Бүгін халықаралық мейіргерлер күніне орай бұл қызметкерлерге Жоғары медицина колледжінде арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта, қалалық байқаудың жеңімпаздары республикалық деңгейде өтетін конкурсқа қатысады.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда 11 мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Оның ішінде 8500 – мемлекеттік, ал 3 мыңнан астамы жекеменшік ұйымдарда. Жергілікті бюджет есебінен Жоғары медициналық колледжде жыл сайын 1150 медицина қызметкерінің біліктілікті арттыруға мүмкіншілік бар.
Мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлінің күшеюі байқалады. Оның ішінде мейірбикелік функцияларды кеңейту, дәрігердің бірқатар функцияларын (патронаж, вакцинация, скринингтер және кейбір диагностикалық және емдік процедуралар) алған кеңейтілген мейіргердің лауазымына еңгізу. Кеңейтілген практика мейіргері болып 16 мейіргер №6, 5, 3 қалалық емханаларда, №1 және 2 қалалық ауруханалардың қабылдау бөлімінде ТРИАЖ мейіргері болып жұмыс істейді.
Бас дәрігердің мейіргер ісі бойынша орынбасарының лауазымы Қалалық жедел жәрдем көрсету станциясында еңгізілген, 6 медициналық ұйымдарда 2025 жылға енгізу жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/993965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді