ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ МЕН ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
⚜️Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аудан орталығында жоғары деңгейде аталып өтті. «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты шара халықтың батыр бабалар рухына деген тағзымы мен құрметінің айғағына айналды.
⚜️Салтанатты іс-шара зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастардың қатысуымен ауданның Орталық саябағында басталып, «Самұрық» аллеясында жалғасын тапты. Аллея алаңында аудандық әскери қызметкерлер сап құрып, аудандық әскери комиссариат басшысы Ташпулатов Бақдәулет рапорт берді.
Мерекелік шара одан әрі аудандық Мәдениет үйіндегі Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
⚜️Аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау сөз сөйлеп Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай мемлекетте өтіп жатқан ауқымды шараларға, сұрапыл соғыстағы жеңіске еліміздің қосқан үлесіне кеңінен тоқтала келіп, қазір ортамыздағы жасы 100-ден асқан соғыстың соңғы солдаты — Қалмен Мұратов ақасақал мен ерен еңбекпен жеңісті жақындатқан 162 тыл ардагерлерінің аудан жұрты үшін мақтаныш пен өнеге болғанын атап өтті.
⚜️Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, жастардың әскери-патриоттық қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жас сарбаздардың шынайы қойылымдары арқылы ел рухын көтеріп, көрермендердің көңілін толқытты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/992543?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді