
Аягөз қаласында инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары қаланың 10 көшесіне жүргізу жоспарланған: Шакенов, Р. Қошқарбаев, Сәтпаев, Болашақ, Ларшин, Амангелді, Әуезов, Бөгенбай батыр, Гагарин және Мұсапарбеков көшелері.
Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайды.
Жобаны іске асырушы мердігер ұйым — “Семей Жолдары” ЖШС.
Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталған жұмыстар Аягөз қаласындағы жол-көлік инфрақұрылымының сапасын арттырып, аудан тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге және көлік қатынасын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/994147?lang=kk
Жауап қалдыру