«Жас Ұрпақ» бірлестігінің алғашқы слеті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Ақмола облысының бас прокуроры Руфат Құттықов пен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың қатысуымен «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің алғашқы салтанатты слеті өтті. Қаз-қатар тізілген бірлестік мүшелері салтанатты жиынға сап түзеп, патриоттық рухымен, жинақылығымен, жарқын келбетімен көз тартты. Олар үшін спорттық жарыстар мен рухты шаралар ұйымдастырылды.

Слет аясында жаңа қатысушыларға салтанатты түрде төсбелгілер табысталып, қатарға ресми қабылдау рәсімі өтті. Сонымен қатар, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, балалардың рухын көтеріп, достық пен бірлікті арттыра түсті.

Айта кету керек, «Жас Ұрпақ» бірлестігі өткен жылдың 28 қарашасында облыстық прокуратура мен білім басқармасының бастамасымен құрылған. Бірлестік аз ғана уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп, бүгінгі таңда өңірдегі 30 мектептен 1 100-ден астам оқушыны біріктіріп отыр. Жобаның басты мақсаты – жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа, әдептілік пен ұлттық мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жарақаттанушылықты төмендету.

Спорттық шаралар аясында 1 орынды Біржан сал ауданының балалары иеленсе, 2 орынды Бурабай мен Бұланды аудандарының оқушылары ал 3 орынды Қорғалжын, Ақкөл аудандары мен Көкшетау қаласының қатысушылары қанжығаларына байлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/994079?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді