Медициналық қалдықтар және оларды реттеу эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік үшін маңызды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан халқының санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Медициналық қалдықтарға ерекше назарды талап етеді, өйткені олардың құрамында адам мен қоршаған ортаға қауіпті жұқпалы, уытты және радиоактивті компоненттер болуы мүмкін. Медициналық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру пациенттердің де, медициналық қызметкерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар қоршаған ортаға оң әсер етеді.
Медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитариялық ережелер негізінде жүзеге асырылады. Ереже қалдықтарды қауіпсіз басқаруға қойылатын талаптарды, айналым схемаларын әзірлеу, жауапты адамдарды тағайындау мен есеп жүргізуді қамтиды.
Медициналық ұйымдар қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыруға, қалдықтарды есепке алу және олардың қозғалыс журналдарын жүргізуге, қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасын бекітуге, медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің бүкіл цикліне жауаптыларды тағайындауға міндетті.
Санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін тексерулер шеңберінде жүзеге асырады.
Қалдықтарды кәдеге жарату талаптарын сақтауға ерекше назар аударылады. Қалдықтарды тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар әкетуге тиіс, медициналық қалдықтарды мамандандырылған қондырғылардан тыс өртеуге тыйым салынады, қалдықтармен жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қажет, қалдықтар қаптаманың тұтастығына қойылатын талаптарды сақтай отырып, герметикалық оралады.
Медициналық қалдықтарды басқарудың Санитариялық ережелерін сақтау – бұл адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызды шарты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/994298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді