ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ САЛАСЫ БОЙЫНША МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ-СЕМИНАР ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі, «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Фарида Сағындық пен БҰҰ Балалар қорының Балаларды қорғау жөніндегі үйлестірушісі Азамат Жаманчинов жұмыс сапарымен келді.
Екі күндік іссапардың бірінші күні аясында делегация Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысты. Орталықтың отбасылық құндылықтарды нығайту және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында атқарып жатқан жұмыстар барысымен танысып, қызметкерлермен кездесу өткізді.
Министрлік өкілдері отбасылық және әлеуметтік мәселелермен айналысатын мобильдік топ мүшелеріне арналған кезең-кезеңімен оқыту-семинарлар ұйымдастырып, теориялық және практикалық бағытта салааралық өзара іс-қимылды тиімді жетілдіру жолдарын қарастырмақ.
Оқыту-семинарына жалпы саны 300-ге жуық маман қатысады деп жоспарланған. Олардың әрқайсысы өз салаларында отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелермен алмасып, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Түркістан қаласында Отбасын қолдау орталығы қала тұрғындарына әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсететін арнайы орталықтар жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/994412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді