Павлодар облысы әкімінің өкімімен өңірдің ветеринария басқармасының басшысы болып Асылтас Тілеубаев тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Асылтас Абылайұлы 1988 жылы туған. «Ветеринариялық санитария» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған, 2011 жылы Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округі аппаратының бас маманы ретінде жұмыс жасады.

2012-2015 жылдары Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман болып, содан кейін қалалық ветеринария бөлімі басшының орынбасары қызметін атқарды.

2020-2022 жылдары Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар және лицензиялау бөлімін, ветеринария және лицензиялау бөлімін басқарды.

2022 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/994501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді