Семей қаласы мәслихаты сенбілік жұмыстарын қолдап келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы мәслихаты сенбілік жұмыстарын қолдап келеді

5 сәуірден бастап Семей қаласында облыс әкімі бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып келеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының елді таза әрі жайлы ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында қолға алынған.

Семей қаласы мәслихаты аталған бастаманы белсенді түрде қолдап, әр сенбі сайын сенбілікке қатысып келеді. Депутаттар өз округтерінде және өз жұмыс орындарымен бірге де сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып жалпы қалалық тазалық шараларына атсалысып, қаламыздың тазалығы мен экологиялық мәдениетін арттыруға үлес қосуда.

Табиғатты аялауға, туған қаламызды таза ұстауға шақырамыз! Біз бәріміз біргеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/994854?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді