
2025 жылғы 14 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК ауыл шаруашылығы бағыты бойынша ОК базасында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін ауыл шаруашылығы саласында «Agroskills – Караганда-2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.
Колледж білім алушылары «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша сайысқа түсті.
Чемпионат Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының халықаралық ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды және өткізілді.
«Agroskills – Karaganda-2025» өңірлік чемпионаты «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттері бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы үздік қатысушыларды анықтауға, өзінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-bilim/press/news/details/995076?lang=kk

Жауап қалдыру