Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Жезқазған қаласының Батыс ауданындағы атауы жоқ кейбір көшелеріне атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өткізетінін хабарлайды.
Осыған орай, Сіздерді 2025 жылдың 2 маусымында өтетін көпшілік тыңдауға қатысуға шақырамыз.
Тыңдау Жезқазған қаласы, Есенберлин көшесі, 9а мекенжайы бойынша «Облыстық әмбебап кітапханасы» КММ ғимаратының үлкен залында сағат 15.00-де өтеді.
Қатысушыларды тіркеу сағат 14.00-ден басталады.
Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/995118?lang=kk

Жауап қалдыру