
Халықаралық отбасы күніне арналған “Дәстүрді дәріпте” атты отбасылар арасындағы аудандық фестиваль-байқауы өтті. Отбасылық құндылықтарды насихаттау, дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 7 отбасы қатынасты. Майкөмген ауылынан қатысқан Сағиевтер отбасы Сағиев Наурызбай және Қуандыққызы Ақерке “Жанұялық үйлесімділік үлгісі”, ал Мәдиевтер отбасы Мәдиев Дәулетпен Сенебай Гүлназ “Үздік махаббат тарихы” атты номинацияларға ие болды. Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy-mikomgen/press/news/details/995113?lang=kk

Жауап қалдыру