
Ақтөбе облысында жүзеге асырылған «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы өңірдегі білім беру сапасын арттыруға және оқыту үдерісінің тиімділігін жақсартуға елеулі үлес қосты. Жоба аясында ауыл мектептерінің білім сапасы орта есеппен 7%-ға артты. Бұл көрсеткіш цифрлық шешімдердің білім беру жүйесіне оң әсер еткенін айқын дәлелдейді.
Сонымен қатар, облыс көлемінде білім берудің бірыңғай цифрлық экожүйесі қалыптасты. Цифрлық платформалар мен инновациялық әдістер шалғай елді мекендердегі оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік берді.
Өңірге жұмыс сапарымен келген «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова облыстық білім басқармасы мен әдістемелік орталық мамандарымен кездесу өткізіп, аталған жобаның іске асу барысын талқылады. Кездесу барысында жобаның оң нәтижелерімен қатар, оны одан әрі жетілдіру мен кеңейту жолдары қарастырылды.
Жобаның табысты іске асуы – Ақтөбе облысының білім беру саласындағы жүйелі реформалар жүргізіп жатқанын және жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, өңірлік ерекшеліктерге бейімделген модель қалыптастырғанын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/995319?lang=kk
Жауап қалдыру