Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған ескерту Шетелде тіркелген автокөліктерді Қырғыз Республикасына әкелу, әкету және пайдалану тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 3 мамырдан бастап Қырғыз Республикасында шетелдетіркелген автокөліктерді әкелу, әкету және пайдалану бойынша жаңатәртіп күшіне енді.

Аталған құжат Қырғыз Республикасы Президентінің автокөліктізаңдастыру жөніндегі Жарлығын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы
17 сәуірдегі №212 Қаулысына сәйкес Қырғыз Республикасы МинистрлерКабинетімен бекітілді.

 

1. Кім шетелдік көлікпен кіре алады

Қырғыз Республикасында тұрғылықты жері жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар.

Уақытша енгізу мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.

12 айдан артық (немесе үзіліссіз 180 күннен артық) елде қалған көлікхалықаралық қозғалыстағы көлік деп саналмайды.

 

2. Кіру үшін қажетті құжаттар

Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт);

Көліктің тіркеу куәлігі;

Жүргізуші куәлігі;

Жүргізуші көлік иесі болмаған жағдайда, көлікті пайдалануға құқықтырастайтын нотариаттық куәландырылған сенімхат.

 

3. Қырғыз Республикасы азаматтарына тыйым салынады:

Шетелдік нөмірмен, шетелде тіркеуден алынбаған көлікті елгекіргізуге;

VIN-коды (идентификациялық нөмірі) жоқ көліктерді кіргізуге.

 

4. Кедендік және есепке алу талаптары

ЕАЭО-ның сыртқы шекарасынан кірген кездекедендік бақылауміндетті;

Уақытша тіркеу Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетібекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі.

 

5. Қырғыз Республикасында шетелдік автокөліктерді пайдалануталаптары

Егер көлік Қырғыз Республикасында 90 күннен артық уақыт болсаміндетті техникалық байқаудан өту қажет;

Міндетті сақтандыру полисі (ОСАГО) болуы керек;

Егер көлікті Қырғыз Республикасының азаматы пайдаланумемлекеттік тіркеуден өтуі міндетті;

Көлік елде 6 айдан артық қалмауы тиіс, әйтпесе айыппұлдарсалынады.

 

6. Қырғыз Республикасында автокөлікті пайдалану үшін қажетті құжаттар

Көліктің тіркеу куәлігі және нөмірлік белгілері;

Мемлекетке тиесілілікті білдіретін белгі (стикер);

Міндетті сақтандыру полисі (ОСАГО);

Техникалық байқаудан өткені туралы құжат.

 

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізілмеужағдайларының алдын алу үшін, алдын ала белгіленген ережелерментанысып, Қырғыз Республикасының заңнамалық талаптарынсақтауыңызды сұраймыз!

 

Қаулының мәтінімен келесі интернет сілтемесі арқылы танысааласыз: https://www.gov.kg/ru/npa/s/4638

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bishkek/press/news/details/995551?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді