Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Белгіленген кестеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтар жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында Ақмол және Аққайың ауылдарының тұрғындарынан келіп түскен түрлі мәселелер қаралды.

Алғашқылардың бірі болып Ақмол ауылының тұрғыны, Бақыт көшесі 8-үйде тұратын азаматша көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен кіреберісін жөндеуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Аудан әкімі мұндай мәселелер тұрғындардың өзара бірігіп, меншік иелері бірлестігін құру арқылы немесе тиісті қызметтер көрсететін ұйымдарды жалдау арқылы шешілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, бұл мәселені оң шешу үшін Ақмол ауылдық округінің әкіміне нақты тапсырма берілді.

Келесі болып аудан орталығында медресе салып жатқан компания өкілі қабылдауға келді. Құрылыс барысында жұмысшылардың көші-қон мәселелері туындаған. Аудан әкімі бұл бағытта қажетті кеңестер беріп, заңнама шеңберінде мәселені шешу үшін тиісті сала мамандарына тапсырма берді.

Сондай-ақ қабылдауда Аққайың ауылының тұрғындары болды. Олар елді мекенді дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыз су және газбен қамту, электрмен жабдықтау, 2 және 3 ықшам аудандарда көше шамдарын орнату, жолдарды күрделі жөндеу, қосымша қоғамдық көлік бағытын ұйымдастыру, қаңғыбас иттер мәселесі және басқа да мәселелер қозғалды.

Барлық жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме мен кеңестер берілді. Бірқатар мәселелер аудан әкімдігі мен салалық бөлімшелердің бақылауына алынды.

Естеріңізге саламыз, аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы алдын ала жазылу арқылы өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 8 (71651) 30-509.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/995572?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді