
Сәтбаев қаласының білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті жанынан құрылған мобильді топ жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды қолдау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында №14 жалпы білім беретін мектебінде болып, толық күндік шағын орталық пен мектепалды сыныптары тәрбиешілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ және орыс бөлімдерінде 2024-2025 оқу жылында 3 педагог қызмет атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3-5 жас аралығындағы 44 бүлдіршін қамтылған. Топ мүшелерімен бір шағын орталық және екі мектепалды сыныптары (1 мектепалды сынып орыс тілінде) педагогтарымен құжаттарды жүргізу барысы қаралып, перспективалық жоспар, циклограммалар мазмұндары бойынша әдістемелік көмектер, ұсынымдар берілді. Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне осындай әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/995688?lang=kk
Жауап қалдыру