Қадірлі ардагерлер! Құрметті түркістандықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы ең қасіретті де ірі соғыста қазақ халқының ержүрек ұл-қыздары ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Өкінішке орай, жыл санап арамыздағы ардагерлер қатары сиреп барады. Бірақ олардың Отан үшін от кешкен қаһармандығы – мәңгі жадымызда.
 
Сұрапыл соғыста жанын шүберекке түйіп, елін қорғаған батыр аталарымыздың ерлігі – бүгінгі бейбіт күннің берік негізі. Бұл Жеңіс – майдан даласындағы жауынгерлер мен тылда тынбай еңбек еткен азаматтардың қажыр-қайраты мен өр рухының жеңісі. Осы бір қасиетті күні батырлар рухына тағзым етіп, олардың есімін ардақтау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Бүгінде елімізде ардагерлерге лайықты құрмет көрсетіліп келеді. Бұл – тарихына тағзым еткен, батырларын бағалаған елдің жарқын болашағына жол ашатын ізгі іс.
 
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Аспанымыз әрдайым ашық болып, татулығы жарасқан тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүріп жатқанымызға шүкірлік етіп, бейбіт күннің қадірін білейік!
 
Ізгі ниетпен,
Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы
Әзімхан Қойлыбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/995683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді