
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру науқанын ұйымдастыруға және өткізуге дайындық шеңберінде “Шуақты жаз 2025” облыстық семинары өткізілді.
Іс-шарада Балқаш қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Мадина Мусина санаторлық және сауықтыру объектілілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Семинарға Қарағанды облысының әртүрлі өңірлеріндегі білім беру нысандарының педагогтары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/995987?lang=kk
Жауап қалдыру