«Ой шебері» зияткерлік сайысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан орталығындағы №7 орта мектепте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен және облыстық білім басқармасының қолдауымен, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында аудандық білім бөліміне қарасты мектептер арасында “Ой шебері” зияткерлік ойынының аймақтық кезеңі болып өтті. Ойынға әр мектептен 4 оқушы бір мұғалімнен тұратын 36 команда қатысты. Жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен сайыста аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, ҚР мәдениет саласының үздігі, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасы, “Ой шебері” зияткерлік ойынының ұйымдастырушысы Исламбек Дастан ретімен сөз алып, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік беретінін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойын барысында алты кезең бойынша міндеттелген бес кітаптан сұрақтар қойылды. Нәтижесінде, жүлделі ІІІ орынды №4 мектеп-лицейі, ІІ орынды Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия иеленсе, бас жүлде І орынды Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы иеленіп, облыстық гранд финалына жолдаманы жеңіп алды. Жүлделі орындар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «Ой шебері» зияткерлік ойынына қатысып, белсенділік танытқаны үшін тәлімгерлерге Алғыс хаттар табысталды. Ақпараттық медиа орталығы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/995979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді