
2025 жылғы 13 мамырда Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары А.Қ. Оспанов әлеуметтік маңызы бар нысандарды мониторингілеу және жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында Аққулы ауданына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс тобының құрамына Павлодар облысы бойынша Ұлттық жол активтері сапасы орталығы филиалының, мемлекеттік сәулет бақылау басқармасының мамандары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер кірді. Іс-шара аудан әкімі Р.Б. Мұқановтың сүйемелдеуімен өтті.
Сапар барысында ауданның негізгі инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарына барды.
Олардың қатарында «Аққу-Сервис» коммуналдық кәсіпорны, күрделі су құбырының екінші сорғы станциясы, Аққулы ауылының кентішілік жолдары (С.Қалиев, Қадырбаев, Т. Шарапиденов көшелері), білім беру мекемелері, сондай–ақ аудандық маңызы бар «Аққулы–Қазы-Майқарағай» автомобиль жолдарының учаскелері және Жаңатаң ауылына кірме жол бар.
Айта кету керек, соңғы екі учаскеде құрылыс әлі басталған жоқ — қазіргі уақытта қиыршық тас пен цемент әкелінуде, яғни жұмыс жоспарлау кезеңінде.
Дәл осы кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылаудың алдын алу шаралары қабылданды, бұл тәуекелдерді барынша азайтуға және бюджет қаражатын одан әрі игеру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жол инфрақұрылымының сапасына ерекше назар аударылды. Жол жамылғысының жай-күйіне Мониторинг ұлттық жол активтері сапасы орталығы мамандарының қатысуымен жүргізілді, бұл ағымдағы жай-күйге объективті баға беруге және жақсарту жөніндегі қажетті шараларды айқындауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, «Бизнеске жол» жобасы аясында Аққулы ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өтті, онда бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, әкімшілік кедергілер, сондай-ақ ашықтықты арттыру және кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жолдары талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды күшейту бойынша нақты шаралар белгіленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың аудандары мен қалаларына халық тарапынан ашықтықты, есептілікті және сенімді арттыруды қамтамасыз ету үшін көшпелі іс-шаралар тәжірибесін жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/996077?lang=kk
Жауап қалдыру