
2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Санақ екі кезеңнен өтеді: Бірінші кезең 2025 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін Көкшетау, Қосшы, Степногорск, Ерейментау, Степняк, Ақколь, Щучинск, Атбасар, Макинск, Есіл, Державинск қалаларында өтеді.
Ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен жүргізіледі;
– содан кейін санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.
Санақ субъектілері заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтары;
– жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (дача, бақша, көкөніс учаскелері) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары.
Санақ объектілері жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen-akmyrza/press/news/details/996115?lang=kk
Жауап қалдыру