📢 2025 жылдың 12 сәуірінде аудан әкімі Қайрат Омаровтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібінде абаттандыру және шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Ауылдық округтер мен Сергеевка қаласының әкімдеріне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жұмысты күшейту тапсырылды: шөп шабу, аумақты тазарту, санитарлық іс-шараларды жүргізу және тұрғындармен жұмысты жандандыру.

Сондай-ақ, шомылу маусымындағы қауіпсіздікке қатысты тапсырмалар берілді — тұрғындармен, әсіресе балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рұқсат етілмеген суға шомылу орындарына ескерту белгілерін орнату және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/996166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді