
2025 жылғы 15 мамырда Шахтинск қаласының мектептерінде Шахтинск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері 4-11 сыныптардың оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша дәрістер өткізді.
Полиция қызметкерлері оқушыларға ҚР қолданыстағы заңнамасының, оның ішінде қылмыстық кодекстің нормалары, қолданудың зияндылығы мен салдары туралы еске салды. Синтетикалық есірткіні, оның ішінде дәріханалық нашақорлығы салдарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіздігі тақырыбы көтерілді.
Полиция бөлімінің қызметкерлері балаларға қылмыстың құрбаны болмау жолдарын түсіндірді, әлеуметтік желілерде қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар берді, қажет болған жағдайда өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгіну керектігін түсіндірді. Жалпы қамту 3967 оқушыны құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/996307?lang=kk
Жауап қалдыру