
Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 60 жылдығы аясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Ақсуат ауданы оқушылары арасында, Кіндікті ауылының тумасы, дәстүрлі әнші Ахметов Мейрамбек Жұмажанұлын еске алуға арналған «Сайра бұлбұлым» атты дәстүрлі ән байқауы өтті.
Мақсаты дәстүрлі әннің қаймағын бұзбай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған, Ақан сері мен Біржан салдың қазіргі заманғы жалғасындай болған дәстүрлі әнші, ерекше дауыс иесі, киелі Кіндікті ауылының Ғани Мұратбаев мектебінің түлегі – Ахметов Мейрамбек Жұмажанұлын еске алу, оқушыларды қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылығын арттыру.«Жақсының аты өлмейді» демекші Мейрамбек ағамызды еске алуға арналған дәстүрлі ән байқауында Ақсуат аудандық білім беру бөлімінің әдіскері- Мухаметрахимова Жанар Жексенбекқызы, Ахметов Мейрамбек ағамыздың ұлы, Семей қалалық мәдениет үйінің әншісі – Әсет Ахметов, аудандық Саз мектебінің директоры – Бөлекжанова Айгул Кусаиновна, Саз мектебінің дәстүрлі әншісі – Абуғазин Марат Казенович, Ақсуат аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі – Шакаримов Төлеген Мысырұлы қазылық етті.
Мейрамбек ағамыздың туған жерінде, өзі түлеп ұшқан мектебінде халық әндері және ағамыз орындаған әндері шырқалды. Байқауға аудан оқушыларынан он үш бала қатысып, отызға жуық ән шырқалды. Екі кезеңнен тұрған байқауда қазылар алқасы сайыскерлердің әнді орындау шеберлігіне, сахналық киіміне, сахна мәдениетін сақтауына баса назар аударды. Бабы мен бағы қатар шапқан сайыскерелер арасынан бас жүлде Өкпеті атындағы орта мектебінің оқушысы Ағзам Бөртеге бұйырды. 1 – орын Ғ.Мұратбаев атындағы орта мекетбінің 4 – сынып оқушысы Мұратбекұлы Нариман, 2 – орынды 3 – орынды К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің 8 – сынып оқушысы Болатхан Еркежан, Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Бауыржан Аяла, Өкпеті орта мекетбінің 6 – сынып оқушысы Тілеуғажы Еркенұр иеленді.
Ұлт руханиятының ұлы бір бөлшегі, ол – дәстүрлі ән мен күйлер екені даусыз. Ұлттық өнерімізді тыңдап, жанына сіңіріп өскен қазақтың кез келген баласы өзінің қазақ екенін мақтанышпен айтатыны сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/996353?lang=kk
Жауап қалдыру