Аудандық патриоттық әндер байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық патриоттық әндер байқауы өтті

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Ұлт рухы – ұрпақ үнінде» атты патриоттық әндерден аудандық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты:

  • Жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;

  • Патриоттық әндерді насихаттау арқылы ұлттық бірлікті нығайту;

  • Дарынды орындаушыларды анықтап, қолдау көрсету;

  • Ән арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Байқау мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында екі санат бойынша ұйымдастырылды. Аудан мектептерінен әр санатта 12 ұстаз және 13 жастан жоғары 12 оқушы қатысып, жоғары деңгейде дайындықпен келіп, өнерлерін көрсетті.

Байқау жеңімпаздары:

Мұғалімдер санаты бойынша:

  • 🏆 Бас жүлде – М.Әуезов атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі М. Досжанов

  • 🥇 І орын – Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Шөберенова

  • 🥈 ІІ орын – Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Б. Бекібаева

  • 🥈 ІІ орын – Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ж. Серікбекұлы

  • 🥉 ІІІ орын – Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі С. Ташкенов

  • 🥉 ІІІ орын – Сасан би атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Б. Амирова

Оқушылар санаты бойынша:

  • 🏆 Бас жүлде – Тоғас батыр атындағы орта мектебінің оқушысы С. Тұрсынғали

  • 🥇 І орын – Тана мырза орта мектебінің оқушысы А. Сайлау

  • 🥈 ІІ орын – М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің оқушысы Б. Аманғазы

  • 🥈 ІІ орын – Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің оқушысы А. Социалова

  • 🥉 ІІІ орын – Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Ж. Асылхан

  • 🥉 ІІІ орын – Сасан би атындағы орта мектебінің оқушылары А. Жақыпбекова және А. Оралбекова

Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды.

Байқауға қатысып, өнер көрсеткен барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/996350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді