
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі” республикалық байқауының аудандық кезеңі Кіндікті ауылы, “Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі” КММ -нің базасында 13 мамыр күні өтті.
Байқауға 10 педагог қатысып, білім додасына түсті.
Байқау 3 кезең бойынша өтті.
1-кезең. Портфолио
2-кезең. Эссе
3-кезең Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Байқауды білім бөлімінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна құттықтау сөзімен бастады. Кішкентай тәрбиеленушілердің ән,би, тақпақ тарымен жалғасын тапты.
Байқауға қатысқан 10 педагог ережеге сай, сайысқа түсіп, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.
Атап айтсақ, “Әсем” бөбекжайының тәрбиешісі Сыдықова Меруерт Бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
1-орын “Еркеназ” бөбекжайының музыка жетекшісі ,тәрбиеші Муқашева Ақмарал иеленді,
2-орын М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің “Айгөлек” шағын орталығының тәрбиешісі “Искакова Айдана мен ЖСШ “Ақбота балабақшасының тәрбиешісі “Ауданбек Шұғыла иеленді.
3-орын С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің “Бүлдіршін” шағын орталығының тәрбиешісі Кенемолдина Әсем , Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің “Айгөлек” шағын орталығының тәрбиешісі Маткаримова Гульмира, Ы.Кабеков атындағы орта мектебінің “Балдәурен” шағын орталығының тәрбиешісі Ақпанбаева Алмагул иеленді.
“Асыл” бөбекжайының тәрбиешісі Батталова Айжан “Креативті педагог” номинациясымен, ЖСШ “Асыл-Шәкірт ” балабақшасының тәрбиешісі Хамзина Айгул “Шебер педагог” номинациясымен,
Қ.Сатпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Жексенбиева Алия “Өнерлі педагог” номинациясымен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/996383?lang=kk
Жауап қалдыру